Астанадағы «Нұр Әлем» сферасында мереке күндері қызықты іс-шаралар өткізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Нұр Әлем» сферасында наурыз мерекесі күндері көпшіліктің көңілін көтеретін қызықты іс-шаралар, шоулар өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді мерекелік демалысты «Нұр Әлем» Сферасында өткізуге шақырамыз. Наурыздың 21 мен 24 аралығында қызықты қуыршақтар, алып трансформер роботтар, ғылыми-сауықтық химиялық крио-шоу, аниматорлар, динозавр шоуы сияқты театрландырылған мазмұнды бағдарлама күтеді. Бұдан бөлек, «Нұр Әлем» Сферасының жас келушілеріне «Kids Park» атты балалар аймағы ұйымдастырылмақ», - делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.
Айта кетерлігі, кіру билеттері көрме кешенінің аумағында, expo2017astana.com ресми сайтында және Kassir.kz сайтында сатылады.