Астанадағы «Нұрсат» қонақүйіндегі өртпен 90-ға жуық құтқарушы күресті

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада 15 наурыз күні сағат 22.26-да Жеңіс даңғылында орналасқан «Нұрсат» қонақүйінде өрт болды.
None
None

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жалын екінші қабатта орналасқан бөлмеден шықты. Тілсіз жау толығымен 1 сағат 12 минуттан кейін ауыздықталды. Онымен күреске Астана қалалық ТЖД өртке қарсы қызметінің 84 адамы мен 14 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 63 шаршы метрді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар