19:05, 11 Шілде 2016 | GMT +5
Астанадағы «Нұрсая-1» тұрғын үй кешенінен өрт шықты (ФОТО/ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада сол жағалауда орналасқан «Нұрсая-1» тұрғын үй кешенінен өрт шықты.
Астана ТЖД хабарлауынша, 11 шілде күні 18:42-де «101» нөміріне «Нұрсая-1» тұрғын үй кешенінің өртенгені туралы ақпарат түсті. 18:48-де бірінші өрт бөлімшелері келіп, шатырда от тұтанғанын анықтады. Оқиға орнына екі жедел жәрдем көлігі, жол-көлік патурль машиналары мен тәртіп сақшылар келді. Астана қалалық Ішкі істер департаментінің тергеушілері аумақты сары лентамен қоршауға алды.
Өрт сөндіруге 15 техника және 60 жеке құрам атсалысуда. Әзірге өртті ауыздықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.