Астанадағы орталықта діни секталардың құрбаны болған азаматтарға көмек көрсетілмек

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада діни секталардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету орталығы ашылды.
None
None

«Көкбозат» қоғамдық бірлестігі негізінде құрылған орталықтың негізгі мақсаты - заңсыз діни секталардың құрбаны болған азаматтарға және олардың туыс-туғандарына психологиялық және заңгерлік көмек көрсету. Өз қызметінде орталық мамандары зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіп қана қоймай, діни секталардың заңсыз әрекеттері туралы құзіретті органдарға үнемі хабарлап отыратын болады.

Астанадағы бұл орталықтың сенім телефоны - 47-88-97.

Соңғы жаңалықтар
Референдум