Астанадағы Орыс драма театры О. Бөкейдің «Атау кересін» сахналамақ

АСТАНА.20 маусым. ҚазАқпарат - 21 және 22 маусым күндері Астанадағы М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесінің желісі бойынша қойылған «Последнее причастие» драмасының тұсаукесері өтеді.

Астанадағы Орыс драма театры О. Бөкейдің «Атау кересін» сахналамақ

Бұл туралы театрдың баспасөз бөлімінен мәлімдеді.

«Последнее причастие» драмасы Отан, ата-баба өнегесі мен болашақ ұрпақтың байланысы, адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынас, «күштілер» мен «адасқандардың» мінез-құлық қайшылықтары, ең бастысы, күрес, махаббат пен үміт туралы», - делінген хабарламада.

«Атау-Кере» қойылымын сахналауға танымал қазақстандық режиссер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрқанат Жақыпбай шақырылды. Қоюшы-суретші - ҚР мәдениет қайраткері Қанат Мақсұтов.

Айта кету керек, қойылым алғаш рет орыс тілінде сахналанып, көрсетіледі және Астананың 15 жылдығына арналады.