19:55, 08 Мамыр 2012 | GMT +5
Астанадағы ойын-сауық орталығынан 20 млн. теңгеге жуық ақша тоналды
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Астанадағы ойын-сауық орталығынан 20 миллион теңгеге жуық ақша тоналды.

Астана қаласының Алматы аудандық ІІБ-нен хабарлағандай, белгісіз біреулер ойын-сауық кешенінің қызметшісіне күш қолданып, шамамен 19 млн. теңге мен 4500 АҚШ долларын алып кеткен.
Тергеу басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде қарақшылық шабуыл жасаған екі жігіт анықталды. Оның бірі ағымдағы жылдың наурыз айында ғана жазасын өтеп шыққан 1987 жылғы азамат. Екіншісі бұрындары сотты болмаған 1990 жылғы Жамбыл облысының тумасы.
Күдікті екі жігіт 6 тәуліктен соң Алматы қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта олардан жауап алынуда.
Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.