Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында халықтық қолөнердің көрмесі ашылды

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында халықтық қолөнердің көрмесі ашылды.

Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында халықтық қолөнердің көрмесі ашылды

Аталған орталықта жұртшылықтың назарына сәндік-қолданбалы өнердің, теріден, ағаштан, киізден жасалған бұйымдар мен зергерлік заттар және керамикалық өнімдер ұсынылды.

Мұнымен қоса, көрме экспозициясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттері салған суреттер мен сәулеттік жобалар көрсетілімге қойылды.

«Шараның негізгі мақсаты - қолданбалы өнерді дамыту мен кеңінен насихаттауға ықпал етуге, сондай-ақ жас таланттарды тануға негізделіп отыр», - дейді «Алтын Күн» қоғамдық қорының жетекшісі Еркебұлан Кенжеболатов. Көрмені ҚР Мәдениет министрлігі ұйымдастырды.