Астанадағы проблемалы нысандарды қаржыландыру механизмі әзірленуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінде "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында проблемалы нысандар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
ҚР Үкіметі қаулысымен "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасына өзгеріс енгізу қажеттігі қабылданды.
Әкімдікте "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу үшін ВАК-да қаралатын проблемалы нысандардың тізімі алдын ала анықталды. 18 қаңтар 2018 жылға дейін проблемалы нысандарды қаржыландырудың механизмін іске қосу үшін проблемалы нысандарды қаржыландыруды жүзеге асыратын өкілетті мекеме құрылады.
Естеріңізге сала кетейік, мұның алдында әкімдік жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында Астанада проблемалы тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтауды "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өкілетті мекеме құрылатыны туралы хабарлаған болатын.
Өкілетті ұйымның проблемалы нысандардың құрылысын қаржыландыру тізімі жасалды.
Қабылданған шешімнің қорытындысы бойынша 18 қаңтар 2018 жылы Астана әкімдігі "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу бойынша қажетті шараларды қолға алу үшін әрбір проблемалы нысандармен жеке-жеке кездесуге ниеттеніп отыр.