Астанадағы Пушкин көшесі ішінара жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Пушкин көшесіндегі көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Асфальт-бетон жабынын қайта төсеу жұмыстарына байланысты Пушкин көшесінің Циолковский көшесінен Тәуелсіз даңғылына дейінгі бөлігінде 8 тамыздан бастап көлік қозғалысына шектеу қойылады», - деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Қала көшелерінде кептеліс туғызбас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлап, белгілеп алғаны жөн.