Астанадағы Пушкин көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Пушкин көшесінде көлік қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жолдарды жөндеуге байланысты А. Пушкин көшесінің бойында Тәуелсіздік даңғылынан бастап Циолковский көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр
Осыған байланысты, 12-16 мамырда аталған бөлікте автокөліктердің қозғалысы ішінара жабылатын болады.