Астанадағы Республика даңғылы қыркүйекте жөнделеді - әкімдік

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың басты даңғылдарының бірі Республика көшесін жөндеу жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталады.

Астанадағы Республика даңғылы қыркүйекте жөнделеді - әкімдік

Бұл жайында Астана қалалық автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2008 жылға дейін қалада ұсақ қиыршықты асфальт төсеп келдік, ал қазір - мастикалық-ұсақ тасты. Ол өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Кепіл берілген уақыты - үштен бес жылға дейін. Мұндай алғашқы асфальтты Республика даңғылында төсеген едік. Оның кепіл берілген мерзімі баяғыда өткенімен әлі де шыдас беруде. Мен әкімге айттым, осы жылдың қыркүйек айында біз Республика даңғылын жөндеуді жоспарлап отырмыз . Қарапайым асфальтқа қарағанда мастикалық-ұсақ тасты жол жабындысы шынымен де қымбатқа түседі. Бірақ, ол сапалы әрі ұзақ мерзімге шыдайды», - деді Асхат Қарағойшин.

Басқарма басшысы өз сөзінде елорданың бірқатар көшелеріне төселетін жол жабындысының сапасыз болуынан жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіледі деген әңгіменің шындыққа мүлдем жанаспайтындығын баса айтты.

«Асфальтты жөндеу мерзімінің аралығы - үштен 5 жылға дейін. Ал одан кейін тозып, жарықшақтар, шұңқырлар пайда болады.Тұрғындардың көпшілігі түсіне бермейді. Олар бізді жыл сайын асфальтты ауыстырады деп айтады. Олай емес. Мұндай жағдай бір рет қана орын алды. Оны мердігер салған еді және оның кепілі бар болатын. Сондықтан ол өз қаржысына жолды қайта төседі. Адамдар мұны екі рет шығындану деп ойлайды. Бұл олай емес. Мәселен, ол асфальт төсеп, келесі жылы жол отыратын болса, онда компания оны қайта қалпына келтіруге міндетті. Бізде осындай уағдаластық қарым-қатынас бар. Олар 2-3 жылға кепіл береді», - деді ол.

Айта кетерлігі, бұған дейін Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі инженерлік желілерді тартуға байланысты қаладағы бірқатар көшенің жабылатындығын хабарлаған болатын.

nullnullnullnullnullnullnullnullnull