Астанадағы саяжайда орын алған өрттің салдарынан 2 ересек адам мен 1 бала зардап шекті
АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Астанада «Промышленный» кентіндегі «Журавушка» саяжай қоғамдастығында өрт болды.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт 2 ақпанда сағат таңғы 5-тен 44 минут кеткенде басталып, 2 сағаттан кейін сөндірілген. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД 10 адамнан тұратын жеке құрамы мен өрт сөндіру қызметінің 2 техника бірлігі жұмылдырылды. Өрттің салдарынан 2 ересек адам мен 5 жасар бала күйікпен ауруханаға жеткізілді.