Астанадағы сайлау учаскесінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова дауыс берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы №89 сайлау учаскесінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова дауыс берді.
Ол бүгін ерекше күн екендігін атап өтті.
«Адамдарда мерекелік көңіл-күй сезіледі. Тұтастай алғанда біз, әрине, Қазақстанның болашағы, экономикалық тұрақтылығы, әлеуметтік қауіпсіздігі, рухани-адамгершіл даму үшін дауыс береміз», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.
Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №89 сайлау учаскесінде таңғы 07.00-ден бастап халық ерекше белсенділік танытуда. Учаскелік сайлау комиссиясының 09.45-тегі жағдай бойынша мәліметінше тіркелген 2555 сайлаушының 500-і дауыс беріп үлгерген.
Сайлау учаскесінде Оңтүстік Кореядан, Хорватиядан, Ресейден, Беларусьтан, Қытайдан, сондай-ақ ҰҚШҰ-дан халықаралық байқаушылар жұмыс істеуде.