Астанадағы семинарда экстремизм мен терроризмнің алғышарттары зерделенуде

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.
None
None

Оған Түркияның Жоғарғы сот өкілдері қатысты.

Семинар барысында академия ректоры Болатбек Әбдірәсілов атап көрсеткендей, аталған іс-шараның негізгі мақсаты - экстремизм мен терроризмнің алғышарттарын анықтау.

«Негізі, бүгінгі таңда құқық қорғау органдары лаңкестікке қарсы тиімді әрі шұғыл әрекет етіп жатыр. Біз болсақ, экстремизм мен терроризмнің негізгі себептерін анықтап, бүгінгі жұмысты күшейтуіміз қажет. Ол үшін шетелдік сарапшылардың көмегіне жүгінген жөн. Міне, осыған орай біз бүгінгі семинарға Түркия республикасының Жоғарғы сот мүшелерін шақырып отырмыз. Себебі сол елде экстремизм мен терроризмге қарсы тиімді жұмыс жүйесі қалыптасқан», - дейді Б.Әбдірәсілов.    

Соңғы жаңалықтар