Астанадағы семинарда Қазақстанда мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен оқыту жүйесін енгізу тақырыбы талқыланды
АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, елорда мектептерінің оқытушылары, Ақмола және Қарағанды облыстарының мамандары Астанадағы семинар барысында Қазақстанда мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен оқыту жүйесін енгізу тақырыбын талқылады.
Аталған шара, ұйымдастырушылардың айтуынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің биылғы Халыққа Жолдауында айтқан міндеттерді орындау аясында жасалып отыр. Онда жақын 10 жылдың ішінде мектеп түлектерінің 100 пайызы мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін деңгейде игерулері қажеттігі атап көрсетілген болатын. Білім және ғылым министрлігінде хабарлағанындай, бұл мақсатқа жету үшін болашақта тұтастай шаралар кешенін орындау жоспарланған. Тәжірибеде қазақ тілінің айналасындағы ахуал күннен күнге түзеліп келе жатыр: жастар мемлекеттік тілді оқуға үлкен қызығушылық танытып келеді, ал тілді оқытатын курстарға жасы ересек азаматтар көптеп жазылуда.
Семинар жұмысына орыс мектептерінде қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты. Шара кезінде педагогтарға арналған шеберлік-сыныптары, мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен оқытудың көрнекті сабақтары өткізілді.