Астанадағы «Шапағат» базары сатылымға шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Шапағат» коммуналдық базары электронды сатылымға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік қорына сілтеме жасап.

Тендер 11 желтоқсан күні Астана уақытымен 10.00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік реестрінің веб-порталында өтеді.

«Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы  «Шапағат» Коммуналдық базары» ЖШС Жарғы капиталындағы 100% үлесі электрондық саудағы қойылғандығы туралы хабарлайды. Электронды сауданың бастапқы бағасы  1 329 971 984 теңге, кепілдік жарна - 72 150 000 теңге», - делінген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның ресми хабарламасында.

«Шапағат» коммуналдық базары» ЖШС Жарғы капиталындағы 100% үлесін өткізу іс-шарасы ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналаған кейбір мәселелері туралы» №1141 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің  2017 жылғы 11 сәуірдегі  қаулысына сәйкес, Қоғамның Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 7 қарашадағы шешіміне сәйкес «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Мемлекеттік мүлік реестрінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесіне сай жүргізіледі. 

Сауданы жүргізу туралы толық ақпаратты www.gosreestr.kz  сайтынан білуге болады.

Соңғы жаңалықтар