Астанадағы «Шевроле» көлігінің жарылу оқиғасының мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Достық көшесі бойында «Шевроле» маркілі көлік жарылды. Онда 1975 жылы туған ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің бірінің әскери қызметкері подполковник Сыздықов Арман Қайдарұлы болған.

Астанадағы «Шевроле» көлігінің жарылу оқиғасының мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды

Алынған жарақаттардан ол оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орын алған кезде көшеде жүріп бара жатқан азаматтардың ешқайсысы да жапа шеккен жоқ.

Оқиғаның мән-жайын білу үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиға орнынан өлім алдында жазған хаты табылды. Лаңкестік әрекет болуы мүмкін деген нұсқа жоққа шығарылып отыр. Тергеу барысы жөніндегі толығырақ ақпарат кейін таратылады.