Астанадағы «Шығыс», «Жағалау-3» және «Жағалау-4» тұрғын үй кешендерінің құрылысы биыл аяқталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Астанадағы «Шығыс», «Жағалау-3» және «Жағалау-4» тұрғын үй кешендерінің құрылысы биыл аяқталады

Отырыс барысында комиссия «ИСК АСИ» ЖШС басшысы С.В. Котляровтың «Шығыс», «Жағалау-3» және «Жағалау-4» тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы өтінішін назарға алды. «Жағалау-3» ТК 30-секция №3 блогында әрлеу жұмыстары аяқталды, 15 қыркүйекке дейін бөлмеаралық есіктерді монтаждау, есептегіш құралдарды, санфаянс пег жылу торабын орнату жұмыстары аяқталмақ. Нысан 2016 жылдың 25 қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Секцияның №5 блогында қасбетті және төбені жөндеу жұмыстары бітіп, витраждарға шыны қойылып жатыр. Таза әрлеу жұмыстарын 15 қазанға дейін аяқтау көзделген. Нысан 2016 жылдың 30 қазанында тапсырылады. Тұрғын үй кешенінің құрылысы тұрақты бақылауға алынды.

«Стройкласс» ЖШС өкілі «Алтын Босаға» ТК қатысты ү.ж. 1 қарашасына дейін құрылысты аяқтау және жер учаскелерінің иелеріне өтемақы төлеу мәселесін шешу бойынша қаулы алуға құжаттар әзірленіп жатқанын мәлім етті. Комиссия мүшелері қазіргі кезде «Светлый» ТК салынатын жер учаскелерін рәсімдеу жөніндегі мәселелер шешілмегенін атап өтті. «Көркем Тауэр» ЖШС бойынша «Көркем Тауэр» ТҚК төрағасына «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңын бұзып, пәтерлерді сату үшін жауапкершілік жүктелетіні туралы ескерту жасалды.

«Алға, Тоқболат» ЖШС директоры А. Ержігіттің хабарлауынша, 1 қыркүйекте үйдің құрылысы мен инвесторларға қаржы қайтару жұмыстары басталады, Тұран даңғылының батысына қарай орналасқан ТК үлескерлері-инвесторлардан құрылған бастамашылар тобының өкілі тұрғын үй-құрылыс кооперативінің құрылғанын мәлім етті.

Комиссия мүшелері компания директорына нысан құрылысын мемлекеттік сараптамадан өткен бекітілген жоба бойынша қатаң жүргізуге кеңес берді. Инвестор-үлескерлердің бастамашылар тобына ТҚК-ға құрылысты өз бетінше аяқтау үшін тұрғын үй кешенінің барлық инвесторларын ТҚК-ға қабылдау ұсынылды.

«Арыстан» ТК («НМ Астана Құрылыс» ЖШС) қатысты салушыға екі салушы бекіткен жұмыстарды жүргізу кестесін, сондай-ақ қаржыландыру көздері көрсетілген іс-шаралар жоспарын ұсыну тапсырылды.

Отырыс барысында «Зере-1» және «Зере-2» ТК құрылысы талқыланды. «КазГазАстана» ЖШС директоры инвесторларға құрылысты аяқтауға арналған ақша қаражатының түскенін растайтын құжаттарды көрсетпей, ВАК ұсыныстарын орындаған жоқ.

Салушысы «Номад Строй ЭК» ЖШС болып табылатын «Есіл-2» ТК бойынша «Есіл-2» ТК ТҚК жер учаскелерін қайта рәсімдеу бойынша ВАК ұсыныстары орындалған жоқ. Сонымен қатар, 188-көшедегі және «Есіл-1» тұрғын үй кешендері пайдалануға берілмеген, құрылыс жүргізуге дайындау үшін Сәулет және қала құрылысы басқармасына құжаттама толық көлемде берілмеген.

Комиссия ТҚК өкілдеріне «Есіл-2» ТК және «Фьючи Хом» ТК сатылған және бос аудандар туралы ақпаратты ұсынуға кеңес берді. «Есіл-1» ТК қатысты 5 қыркүйекке дейін «Астана Су Арнасы» АҚ мен «Астана-Теплотранзит» АҚ ескертулерін жою тапсырылды.

Мұнымен қоса, комиссия мүшелері «Жастар-4» ТК салушысы «Бақыт-11» ЖШС директорының ү,ж. 31 тамызында 100 млн теңге мөлшерінде несие займының бірінші траншының келіп түскені туралы өтінішін қабылдады, мұны растайтын құжаттарды Астана қаласының ІІД ұсыну қажет.

Айта кетейік, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы бастамашылар топтарының өкілдерінің, ТҚК және салушы компаниялардың мүшелерінің қатысуымен апта сайын өтеді. Барлық проблемалық нысандар комиссияның тұрақты бақылауына алынды.