Астанадағы «SOS Қазақстанның балалар қалашығы» 10 жылдық мерейтойын атап өтті

СТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - SOS Kinderdorf International халықаралық қорының президенті Хельмут Кутин Астанадағы «SOS Қазақстанның балалар қалашығының» 10 жылдығына арнайы келіп, қалашықтағы балалар мен олардың ата-аналарын мерейтоймен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Он жыл бұрын біздің қалашығымыз осы тамаша қаланың бір бөлігіне айналғанына қуаныштымын. Біз бүгін балалар мен өз арамызда, осы уақытқа дейін болған өміріміздегі сәтті әрі жағымсыз оқиғаларды бірге бөлісуге жиналдық. Осы істің барлығы біздің балаларымыздың жақсы өмір сүруіне, жарқын болашағына арналған», деді Х. Кутин өзінің құттықтау сөзінде.

1949 жылы меценат Герман Гмайнер деген кісі, бар жиған-тергенін сатып, Австрияда алғаш балалар қалашығын салады. Бүгінде әлемде олардың саны 450-ден асып жығылады. Қазақстанда ананың аялы алақанынан айырылған балаларға арналған мұндай қалашық алғаш 1997 жылы Алматыда, 2000 жылы Астанада және 2005 жылы Теміртауда бой көтерді. Астаналық қалашықта тұратын 67 бала «аналарымен» бірге 14 отбасылық үйге орналастырылған.

Осыдан үш күн бұрын, Халықаралық қордың төрағасы Хельмут Кутин Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаеваға Қазақстандағы балалар мен жанұялардың жарық өмірі үшін елеулі еңбегі мен Балалар қалашығының қалыптасуы мен дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін Халықаралық SOS Kinderdorf International қорының жоғары дәрежелі "Құрметті алтын сақина" сыйлығын табыстаған болатын.

Соңғы жаңалықтар