00:57, 07 Маусым 2023 | GMT +5
Астанадағы су мәселесі: Алматы ауданы әкімдігі хабарлама таратты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы ауданының әкімдігі Астанадағы су мәселесіне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Браво» және Нәжімеденов, 16А мекенжайындағы тұрғын үй кешені су құбыры желілерін SAT NS құрылыс компаниясы «Астана Су Арнасының» теңгеріміне әлі бермеген.
Қазіргі уақытта құрылыс компаниясы сумен жабдықтау желілерінде қосымша жұмыстар жүргізуі қажет. Жұмыстар 1-2 күн ішінде жүргізіледі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, аталған орында Алматы ауданының әкімі мен»Астана Су Арнасы«-ның өкілдері болып, мәселенің шешілуін бақылауға алғанын атап өтеміз», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Бұған дейін Астана әкімі ауыз су проблемасы жуық арада шешілетінін айтып, үндеу жасаған болатын.