Астанадағы «сұр» жылдамдық өлшеуіштер 911 заң бұзушылықты тіркеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 21 «Вокорд-Циклоп» аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен осы күнге дейін жол қозғалысы ережелерін бұзудың 911 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Астана қаласының Жергілікті полиция қызметі.
None
None

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған құралдар 25 ақпанда қолданысқа енгізілді. Олардың ерекшелігі көлік жылдамдығын радарлық немесе оптикалық әдіспен анықтау, бұл ретте сырттай жұмыс істеу белгілері білінбейді. Сонымен қатар, жаңа жылдамдық өлшеуіш құралдары түнгі уақытта мемлекеттік номерлерді көруге болатын арнайы ИҚ-прожекторлармен жабдықталған.
Жүргізушілерді ескерту мақсатында ақпараттандыру белгілері орнатылды.
Жыл басынан бері Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі көлікті дұрыс қоймағаны үшін 1000 астам жүргізушіге айыппұл салған. Көлік құралдарын тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін 10-50 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар