Астанадағы Тәшенов көшесінде қозғалыс тәртібі өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Тәшенов көшесінде жол қозғалысын ұйымдастыру тәртібі өзгереді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұдан былай Тәшенов көшесінің бойындағы Тәшенов тұйық көшесінен (Таха-Хусейн көшесі жағынан) солға бұрыллуға болмайды. Сонымен қатар, Тәшенов тұйық көшесіне осы көшедегі «Аурика» жанармай құю станциясының алдынан бұрылыс жасай отырып, оң жақ бұрылыстан кіруге кеңес береміз», - делінген полицияның хабарламасында.