17:15, 23 Тамыз 2022 | GMT +5
Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы бойындағы көпір құрылысы неге ұзаққа созылды – әкімнің жауабы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алтай Көлгінов елордадағы Тәуелсіздік даңғылы бойындағы көлік көпірінің құрылысы неліктен ұзаққа созылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Көпір салу жобасы неге екі жылға созылды? Себебі екі мердігер 1,5 жыл бойы соттасты. Ал қала тұрғындары бұл көпірді күтіп отырды. Біз бизнестің мүддесін де ескеруге тырыстық. Дегенмен соңында көпір құрылысына жарияланған байқауды тоқтатып, оны қайта жариялауға тура келді. Осы аралықта инфляция деңгейі өсті, металл конструкциялары қымбаттады. Осыған байланысты бұл жобаны қайта қарап, түзетулер енгіздік», - деп түсіндірді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Еске салайық, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпір салынатыны туралы 2018 жылы белгілі болған еді. Ал оның құрылысы 2019 жылы басталуы тиіс болатын. Ол әлі толық салынып біткен жоқ.