11:10, 07 Мамыр 2013 | GMT +5
Астанадағы Тәуелсіздік сарайы директорының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астана қалалық департаменті «Тәуелсіздік сарайы» МКК директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасарына, осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бастығына және тағы да бірқатар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қаржы полициясының ақпаратына қарағанда, оларға ҚР Қылмыстық Кодексінің 311-ші бабы бойынша пара алды деген айып тағылуда.
«2013 жылдың наурызы мен сәуірі аралығында олар «Арлан Системс НС» ЖШС-ның директоры азамат М-нан нысанды өрттен қорғау және МКК-ның өрт сөндіру жүйесіне қызмет көрсету қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартты жасасуға жәрдемдескендері үшін 576 мың теңге сомасында пара алған», - делінген хабарламада.
Ведомство тергеу мүддесіне орай оқиғаның мән-жайын толық хабарлаған жоқ.