Астанадағы «Тауық-гриль» сауда павильонында болған өрт салдарынан ер адам ауруханаға жеткізілді - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат -Астанадағы «Тауық-гриль» сауда павильонында болған өрт салдарынан 29 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға елордада жексенбі күні түске жақын болған. Құтқарушылардың мәліметі бойынша, жалынның аумағы 6 шаршы метрді құрады.
«5 желтоқсан күні сағат 11.56-да «Жастар» сауда үйіне қарама-қрасы орналасқан «Тауық-гриль» сауда павильонында өрт шығып, тілсіз жау сағат 12.22-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 14 адам мен 2 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.