Астанадағы темір жол вокзалы меймандарды «амандасып» қарсы алатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың Сарыарқа ауданындағы темір жол вокзалында «SALEM ASTANA» атты жазу пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол туралы Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі Арман Тұрлыбек өзінің фейсбук парақшасында жазды.

«Міне, бұдан былай темір жол көлігі арқылы ел аралаған қонақтар мен қалалықтарды елорда осылай күтіп алатын болды. Көптеген адамдардың Астанаға келгендегі алғашқы әсері дәл осы біздің ауданда орналасқан вокзалда қалыптасып қалатыны айқын. Ал дәл осындай жазу жолаушыларды қуантып тастайды деген сенімдемін», - деп жазды Арман Тұрлыбек.

Ақ және қызыл түсті жазба біршама үлкен әріптермен жазылған.

«SALEM ASTANA деңіз, сонда қала сізді міндетті түрде құрметпен құшақ жая қарсы алады», - дейді Арман Тұрлыбек.

Соңғы жаңалықтар
telegram