Астанадағы ТҚКС-да өрт болды

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласының «Сарыарқа» ауданында 21 желтоқсан күні сағат 20:05-те Тілендиев даңғылы бойында орналасқан техникалық қызмет көрсету стансасында өрт болды.

Астанадағы ТҚКС-да өрт болды

ҚР ТЖМ-дан хабарлағандай, жалын 1 сағат 10 минуттан кейін толық сөндірілді. Онымен күреске Астана қалалық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 48 адамы мен 14 техника бірлігі жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.