Астанадағы «Тұмар» ТК-де сылақшы-сырлаушы құрылыс нысанының жоғары қабатынан құлап кетті
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы Есіл ауданында салынып жатқан «Тұмар» ТК-нің аумағында 11 қыркүйек күні сағат 15:30-да төтенше оқиға орын алды.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланып отырғандай, құрылыс жұмыстарын өткізу кезінде үшінші қабаттан екіншіге құлап, түрлі жарақаттар алған «Эллипс» ЖШС-нің 22 жастағы сылақшы-сырлаушысы ауруханаға жеткізілді.