Астанадағы Тұран даңғылы ішінара жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың орталық ірі жолдарының бірі - Тұран даңғылында жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанадағы Тұран даңғылы ішінара жабылады

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Сарайшық көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі учаскедегі Тұран даңғылы бойынша асфальт-бетон жабынының жоғарғы қабатын салу жұмысын бастауды жоспарлап отыр.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 2 тамызы күні сағат 19:00-ден 3 тамыз сағат 07:00-ге дейін Қорғалжын тас жолы қозғалыс бағытына қарай және 2 тамызда 19:00-ден 3 тамыз 15:00-ге дейінгі мерзімде Сарайшық көшесінің қозғалыс бағыты бойынша автокөлік құралдарының қозғалысы тоқтатылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс туындамас үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлағаны жөн.