Астанадағы турнирдің бірінші күні қазақстандық балуандар 2 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласындғы «Дәулет» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азиялық Олимпиадалық іріктеу турнирінің бірінші күні аяқталды.
Жарыстың алғашқы күні отандастарымыз 2 алтын , бір қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Рио Олимпиадасынна екі бірдей жолдаманы жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік. Алғашқы жолдаманы арасындағы 69 келі салмақта белдескен Эльмира Сыздықова жеңіп алған болатын. Ол финалда жолдамамен бірге алтын медальді қоса жеңіп алды.
Ал екінші алтынды ерлер арасында еркін күрестен 74 келі салмақта өнер көрсеткен Ғалым Өсербаев иеленді. Ол түске дейін Рио Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізген болатын.
Ал бүгінгі жалғыз қола медальді грек-рим күресінен белдескен 85 келідегі Азамат Құстыбаев иеленді. Алайда, Азаматқа үшінші орын алғанымен Рио Олимпиадасының жолдамасы бұйырмады.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада өтіп жатқан Азияның Олимпиадаға іріктеу жарысына тек финалға шыққан екі балуанға ғана Олимпиаданың жолдамасы беріледі. Астанадағы турнирге Азияның 26 елінен жалпы 168 балуаны Рио Олимпиадасына 36 жолдаманы сарапқа салуда.
Күнсұлтан Отарбай
Суреттердің авторы: Жеңіс Ысқабай