Астанадағы Угольный көшесі сәуірдің 20-сынан бастап автокөліктер үшін уақытша жабылады

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Астанадағы Угольный көшесі сәуірдің 20-сынан бастап автокөліктер үшін уақытша жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен кеңесте елорда басшысының орынбасары Қанат Сұлтанбеков мәлім етті.

Астанадағы Угольный көшесі сәуірдің 20-сынан бастап автокөліктер үшін уақытша жабылады

Оның сөзіне қарағанда, Угольная көшесін кеңейтумен бірқатар қиындықтар туындап отыр. Мәселен, жол учаскесінің бір бөлігінде дәл жолдың үстімен жаңа кәріз жүйелерін төсеу жұмыстары жүріп жатыр, сондықтан көшені жоспарланған мерзімнен екі аптаға бұрын, яғни сәуірдің 20-сынан бастап жабу қажет.

Әкім орынбасарының айтуынша, бұл уақытта айналма жолдар 2-ші Жылу электр орталығы бағытымен немесе Спецмонтаж көшесімен жүзеге асырылады.

Сондай-ақ жоба бойынша 21 үй сырып тастауға жатады, бүгінгі күні оның 9-ы бойынша жұмыстар аяқталды. Қ.Сұлтанбековтың айтуынша, әкімдік қалған жекеменшік иелерімен келісе алмай, оларды сотқа берді. Өйткені, олар молынан пайда табу ниеттерімен есептеулер бойынша тиісті сомадан көп ақша сұрап отырған көрінеді.