Астанадағы үлескерлердің мәселесі 2010 жылдың соңына дейін шешіледі

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 2010 жылы 61 тұрғын үй кешенінің құрылысы толықтай бітіп, үлескерлердің мәселесі шешіледі. Бұл туралы бүгін елордадағы бірқатар тұрғын үй нысандарының құрылысы барысымен танысу кезінде Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов «Инфинити», «Солтүстік шұғыласы», «Есіл», «Каспиан Палас», «Астана жұлдызы», «Мария» және «Гранитный» тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысып, нысандарды аралап шықты.

И. Тасмағамбетовтің айтуынша, қаладағы үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы алдында негізгі мәселелер шешілген. «Онда ешқандай проблема көтеріліп отырған жоқ. Қаржымен қамтамасыз етілген, жұмыс қарқынды түрде жүріп жатыр. Жалпы 2010 жылы 61 тұрғын үй кешенінің құрылысы толықтай бітіп, үлескерлердің мәселесі шешіледі», деп атап көрсетті ол.

2009 жылы 62 құрылыс нысаны аяқталған болатын. Онда 12,5 мыңнан аса үлескер баспаналы болды. Ал 2010 жылға қойып отырған міндет - үлескерлері бар құрылыстардың барлығын бітіру. Ондай құрылыстардың саны - 61. Оның 19-ы «Самұрық-Қазына» қорының қаржы салуымен аяқталмақшы.

Соңғы жаңалықтар