Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада «Қазақ ханы Абылай» тарихи романының тұсаукесері өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 қазанда Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Мырзатай Жолдасбековтің мемориалдық кітап коллекциясы» залында жазушы Дәулетбек Қаңбақовтың «Қазақ ханы Абылай» атты тарихи романының тұсаукесері өтеді, деп хабарлады кітапхананың баспасөз қызметі.
None
None

Кітап Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты баспа бетін көріп отыр. Тарихи туындыда Абылай ханның өмір жолы, қоғамдық қызметтері туралы жан-жақты баяндалады. Тарих бедерінде небір тар жол, тайғақ кешуді бастан кешкен ұлтымыздың ұлы перзентінің көркем бейнесі арқау болған тарихи романның көтерер жүгі ауыр.

Кітап авторы Дәулетбек Қаңбақов 1942 жылы ҚХР Шыңжаң өлкесі Нылқы аймағында дүниеге келген. Қаламгер «Жас қарағай», «Жыл лебіздері», «Қайнар көз», «Мұралардан ұлағат» тәрізді кітаптарымен оқырман қауым таныс.

«Фолиант» баспасынан жарық көріп отырған жаңа туындының тұсаукесеріне елордалық зиялы қауым өкілдері, әдебиетші-ғалымдар және кітапхана оқырмандары қатысады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум