Астанадағы Ұлттық мұрағат ғимаратында профессор Әбсаттар қажы Дербісәлі еңбектерінің қоры ашылды

АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанадағы Ұлттық мұрағат ғимаратында Қазақстан Діни басқармасының басшысы, Бас мүфти, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар қажы Дербісәлі еңбектерінің қоры ашылды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қорда ғалымның диссертациялық ғылыми зерттеулері, әлемдегі мұрағаттардан Қазақстан тарихына қатысты жинақтаған құнды құжаттары, қолжазбалары мен орден, медальдарының куәліктері, барлығы 53 құжат пен материал жинақталған.

Әбсаттар қажы Дербісәлі көпжылғы еңбегінің арқасында үлкен ғылыми жетістіктерге қол жеткізді. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Жаһан наме» атты еңбегін аударып, оған түсініктеме берді. Тарихи маңызы бар еңбекті басып та шығарды. Кашмир жерінде бабамыз Х.Дулатидің зиратын тауып, құлпытаста жазылған жазулар сырын шешті. Еліміздің Фараб қаласынан шыққан ғұлама Әл-Фарабидің елуге тарта еңбектеріне талдау жасап, ғылыми айналымға енгізді. Сол сияқты Сығанақи мен Кердеридің талай еңбектерін баршаға мәшһүр етті.

«Біздің тарихымыз өте бай. Ғалымдар еңбектерін көпшілікке тапсырсын, болашақ ұрпаққа қалсын. Кейін біздің ұрпақтарымыз осы еңбектерді оқып, біздің қазақ халқы ұлы халық дейтіндей болсын», дейді Ә. Дербісәлі. «Қазір мен Қазақ даласының жұлдыздары» атты еңбекті толықтыру үстіндемін. Елуге тарта баспа табақ болып қалды. Араб тілінің түсіндірме сөздігінің алты томын жазған Әл-Фараби еңбектері кез келген араб аспирантының, магистрантының қолында жүрген дүние екен. Біз оны білмейміз», деп атап көрсетті профессор.    

  Ұлттық мұрағат танымал зерттеушілердің құнды құжаттарын, бағалы еңбектерін қабылдауды дәстүр еткен. Үш жыл ішінде қазақтың  онға жуық зиялыларының қорлары ашылған.

Соңғы жаңалықтар