Астанадағы ҰОС ардагерлерінің барлығы пәтермен қамтамасыз етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада тұратын ҰОС ардагерлерінің барлығы пәтермен қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейірлан Нарынбетов мәлім етті.

Астанадағы ҰОС ардагерлерінің барлығы пәтермен қамтамасыз етілді

«Ардагерлерді пәтермен қамтамасыз ету мәселесі Астанада толық шешілген. 20 мамырда соңғы 6 пәтер бөлініп, бұлар еліміздің өңірлерінен қоныс аударған ардагерлерге берілді»,-деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, тұрғын үй және тұрмыстық жағдай бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесінде 84 ардагердің баспанасына түрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Осы тұрғыда атқарылатын күрделі жұмыстарды ескере отырып, жыл соңына дейін бұл бағыттағы шараларды толық аяқтаймыз. Бұл жұмыстар қала әкімінің жеке қадағалауында»,-деді М. Нарынбетов.