22:49, 31 Мамыр 2017 | GMT +5
Астанадағы «Жағалау» тұрғын үй кешенінде өрт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананы сол жағалауындағы көп қабатты үйлердің бірінде, «Жағалау» тұрғын үй кешені аумағында бүгін кешке өрт болды.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, от пәтерлердің бірінің балконында тұтанған. Жалын 20 шаршы метрді шарпыды.Тілсіз жауды ауыздықтауға 25 өрт сөндіруші және 7 техника тартылған. 19. 22 -де өрт толықтай сөндірілді.
Соңғы жаңалықтар