Астанадағы жаңа мешітке 10 мың адам сыйады

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Қала күніне орай Астана қаласында «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылады. Жаңа мешіт құрылысы 2009 жылы 29 маусымда Елбасы Н.Назарбаевтың естелік капсуласы қойылған сәттен басталған болатын.

Астанадағы жаңа мешітке 10 мың адам сыйады

Бұл туралы «Бәйтерек» баспасөз орталығы хабарлайды.

Мешіт сыйымдылығы 10 мың адамға шақ.  Бір мезгілде 5000-ға тарта адам сәждеге жығыла алады. Онда неке қию залы, екінші және үшінші қабаттарда ерлер мен әйелдерге арналған ғибадатханалар, Құран оқитын зал, кітапхана орналасқан.