Астанадағы жаңа музейде Жер шарын 156 рет айналған əскери əуе күштерінің туы бар (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Тұңғыш Президент күнінде ашылған Жоғары Бас Қолбасшы - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашқан əскери-тарихи музей бүгін журналистер үшін экскурсия ұйымдастырды.
Музей директоры Асқар Қасымовтың айтуынша, музейдің бірнеше залы бар. Атап айтсақ, ҚР Қарулы Күштерінің бірнеше залы, ХХ ғасырдың əскери тарихына арналған зал, қару-жарақ пен əскери тақырыпқа арналған картинкалардың залы.
Мысалы, ҚР Қарулы күштерінің залында қазақ əскерінің экспонаттары, қазақ ғарышкерлерінің жеке заттары, сондай-ақ, Жер шарын 156 рет айналған ҚР əскери-əуе күштерінің туы бар. Жуырда ғарышқа ұшқан полковник Айдын Айымбетов те осы туды орбитаға ала кеткен. Себебі, тəуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Айдын Айымбетов те Қазақстанның əскери əуе күштерінің қатарынан шыққан.
«Жалпы,алты мыңнан аса экспонат бар. Мұндағы тарихи артефактардың барлығы құнды. Мен əсіресе «Көне тарихи» залдың ерекшелегін баса айтар едім. Мысалы, Алтын Орда кезеңіндегі, Тас дəуірі мен Қола дəуірдегі экспонаттар осы залда тұр»,-дейді журналистерге музейді аралатқан Асқар Қасымов.
Асқар Қасымовтың айтуынша, бұл музей ұрпақ тəрбиесіне зор ықпалын тигізеді. Музейге кіру бағасы - 1000 теңге шамасында. Музей директорының айуынша, музей ұжымы бюджетке салмақ түсірмес үшін, кіру ақылы болып бекітілген.