Астанадағы жанар-жағармай құю стансысын тонағандар құрықталды - Астана ІІД

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 7 қарашада Астанадағы жанар-жағармай құю стансысын тонағандар құрықталды.
None
None

Бұл туралы бүгін болған баспасөз мәслихатында қалалық ІІД Тергеу жөніндегі басқармасының бастығы Ғұмар Шыныбеков айтты.

«Атап айтқанда, кеше шашамен сағат 03:50-де белгісіз азаматтар жағармай құю стансысында травматикалық тапанша қолдану арқылы ақшалай қаржы мен мүлікті ашық тонағаны туралы хабар түсті. Тергеу барысында қара бетперде киген белгісіз тұлғалардың басып кіргені анықталды»,-деді ол.

Басқарма бастығының айтуынша, қарақшылық шабуыл жасағандардың бірі пневматикалық тапаншадан күзетшіні атып, содан кейін ақша талап еткен.

«Осы қылмыстық әрекет барысында олар жағармай құю стансысынан жалпы сомасы 127 мың 600 теңгенінің «Актив» және «Билайын» ұялы телефон карталарын, сонымен қатар кассадағы қаражат пен есепшінің ұялы телефонын алған»,-деді Ғ. Шыныбеков.

Осы қылмыстық дерек бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында шабуыл жасаған 4 азамат ұсталды. Олар Ақмола және Қызылорда облыстарының тумалары екен.

Айта кетейік, бұл ұсталғандарды тексеру кезінде олардың биылғы 19 қазанда Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы дүкенге жасалған қарақшылық шабуылға қатыстылығы анықталды. Қазіргі кезде олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар