Астанадағы жәрмеңке: Алматы және Атырау облыстарының өнімдері әкелінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Алматы және Атырау облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанадағы жәрмеңке: Алматы және Атырау облыстарының өнімдері әкелінді

Жәрмеңкеге азық-түліктердің бірнеше түрлері әкелінген. Атап айтқанда, жеміс-жидек, қымыз, шұбат, ет, балық пен сүт өнімдері бүгін елордалықтар үшін арзан бағамен ұсынылды. Өнімдердің ішінде базарда кездесе бермейтін түйе еті де бар.null

Жәрмеңкедегі сатушылардың айтуынша, мұнда ең арзан бағамен азық-түліктерді сатып алуға болады. Расында да, қызанақтардың келісіне 130 теңгемен, пияздың келісі 80 теңгелік бағамен сатылып жатыр. Сонымен бірге, жәрмеңкеде сиырдың еті келісіне 1 400, қой еті 1 300 теңгемен саудалануда.
nullnull

Жәрмеңке қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

null

  null   null