Астанадағы жәрмеңкелерде Алматы облысының 200 тонна жеміс-жидек өнімдері сатылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қазанның 2-сі мен 3-і күндері Астанада Алматы облысы ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері болып өтті.
None
None

Облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков хабарлағандай, шаруалар Астанадағы күзгі жәрмеңкелерге алғаш рет қатысып отырған жоқ. Биылғы жылы Қазақстан елордасына картоп, қырыққабат, пияз, қызанақ, бұрыш, баклажан, қарбыз, алма, алмұрт тиелген 19 жүк көлігі жіберілді. Барлығы 188 тонна жеміс-жидек өнімдері сатылған. Тауарлардың бағасы базардағы бағаға қарағанда 15-25 пайызға төмендетіліп сатылды.

Соңғы жаңалықтар