Астанадағы жәрмеңкелерде азық-түлік өнімдері жеңілдетілген бағамен сатылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Апта сайын Астанада қала тұрғындары мен қонақтары үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өтіп жатыр.

Аталмыш жәрмеңкелер елорданың үш бірдей ауданында ұйымдастырылуда. Абылай хан даңғылы, Сауран көшесі және Жеңіс даңғылының бойында "Мерей" базарында кез келген қала тұрғыны жеңілдетілген бағамен азық-түлік өнімдерін сатып ала алады.

Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, қазіргі кезде осы іспетті 26 жәрмеңке өткізіліп, Астана мен Ақмола өңірінің тауар өндірушілерінің жалпы сомасы 82,9 млн теңгені құрайтын 273,5 тонна өнімі сатылды, деп хабарлайды astana.kz.

Соңғы жаңалықтар
telegram