12:26, 03 Мамыр 2010 | GMT +5
Астанадағы жарықсыз қалған екі көпқабатты үйде электр жарығы қалпына келтірілді
АСТАНА. Мамырдың 3-і. ҚазАқпарат - Астанадағы «Байқоңыр» кешенінің екі көпқабатты үйі 10 киловаттық электр сымының үзілуінен электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Мамырдың 1-і күні, сағат 23.00 шамасында елордадағы «Байқоңыр» тұрғын үй кешенінде 10 киловаттық электр сымының зақымдануынан электр жарығы сөніп қалған. Жөндеу жұмыстары келесі күннің қас қарая бастаған кезінде аяқталып, электр жеткізілімі жандандырылды.
Төтенше жағдайды жоюға «Қалалық электр желілері» АҚ қызметкерлері жұмылдырылды.