Астанадағы жарыстың іріктеу сатысында бес қазақстандық теннисші бақ сынайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада ITF World Tennis Tour «BeeTV 60 Women's» турнирінің іріктеу сатысында бес қазақстандық теннисші бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жарысты ұйымдастырушылар еліміздің жас ойыншыларына wild card берді.

Дана Байдәулет ресейлік Софья Лансаремен шеберлік байқасады. Еркежан Арыстанбекова тағы бір ресейлік Екатерина Яшинамен ойнайды. Айя Нұпбай ресейлік Татьяна Прозоровадан өтуге тырысып көреді. Сандуғаш Кенжебаева ұлыбританиялық Анна Броган, Жанель Рүстемова грузиялық Софья Шапатовамен кездеседі.

Ойындар бүгін Beeline Arena ұлттық теннис орталығында елорда уақытымен сағат 10.00-де басталады. Матчтар Qazsport және Bee TV-дің Insport спорттық бөлімінде тікелей эфирден көрсетіледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Астанадағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар