Астанадағы жатақханада болған өртте екі адам иіс тиіп уланды
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада Железнодорожный тұрғын үй алабының 2 қабатты жатақханасының 1-қабатында өрт шықты.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 33 адамы мен 7 бірлік техникасы; ҚР ТЖМ «Медициналық апаттар орталығы» мемлекеттік мекемесінің 3 адамы мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт салдарынан иіс тиген 26 жастағы әйел мен 23 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді.