Астанадағы жатақханада газ баллоны жарылып, оның салдарынан 4 ересек адам мен 6 бала зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы жатақханада газ баллонының жарылуы салдарынан арасында 6 бала болған 10 адам зардап шекті.
None
None

«21 қараша күні сағат 13:43-те Астанада 101 қызметіне өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына екі мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшелерінің мамандары шықты. Олар оқиға орнына келген кезде, жатақхана етіп қайта салынған 2 қабатты коттедждің бірінші қабаты өртенгені белгілі болды. Бөлмелердің бірінде 15 шаршы метр жерде үй заттары мен жиһаз өртеніп жатқан», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Алдын ала нұсқа бойынша, өрттің шығуына газ баллонының жарылуы себеп болған. «Газ баллонының жарылғанын куәгерлер де растап отыр. Өрт сөндірушілер ғимараттан барлығы алты баллонды алып шыққан. Жарылыс салдарынан 10 адам: 4 ересек адам мен 6 бала зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді», - деп нақтылады ол.

Өрт сағат 14:44-те сөндірілгені атап өтіледі.

Соңғы жаңалықтар