Астанадағы жатақханалардың бірінде болған өрттен ер адам зардап шекті

АСТАНА.  20 ақпан. ҚазАқпарат - Астанадағы жатақханалардың бірінде болған өрт салдарынан бір ер адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Астанадағы жатақханалардың бірінде болған өрттен  ер адам зардап шекті

Жексенбі, 19 ақпан күні елордадағы «Ширен-Туз» ЖШС-нің аумағындағы «Көктал-1» тұрғын алабының Еңлік-Кебек көшесіндегі 19-ші үйде орналасқан бір қабатты жатақхана бөлмелерінің бірінен өрт шықты.

Жалын аумағы 7 шаршы метрді шарпыды. Күйіп қалған 71 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.

 Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ-нің Астана қаласы бойынша ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 15 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды.