Астанадағы жазғы спорт орталығында балаларға қолайлы жағдайлар жасалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алау» мұзайдыны сарайындағы жазғы спорт орталығында балаларға қолайлы жағдайлар жасалады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Астанадағы жазғы спорт орталығында балаларға қолайлы жағдайлар  жасалады

«Мұзайдыны сарайы атанғанымен, бізде жыл бойы бұқаралық спорттың өзге түрлеріне мән беріп отырмыз, яғни жаппай сырғанаумен қатар, жазғы спорт орталығын ашып отырмыз»,-деді «Алау» мұзайдыны сарайы Маркетинг және жарнама бөлімінің басшысы Айжанат Нұрсейіт.

Белгілі болғадай, жазғы орталықтың жұмысы 1 мамырдан басталды. Осы ретте үстел теннисі, шағын гольф, волейбол, бадминтон және басқа да спорт түрлері бойынша алаңдар іске қосылып отыр.

Оқушылар үшін арнайы жеңілдік жүйесі қарастырылған. 5 жасқа дейін балаларға, І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы отбасыдан шыққан оқушыларға, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне кіру тегін. Ал 5-тен 12 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер, ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға 50 пайыздық жеңілдік беріледі.