Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің құрылысына 16,2 млрд теңге бөлінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің (Астана LRT жобасы) құрылысына 16,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

Астана агломерациясын дамыту аясында халықты қоныстандыру және өндірістік күштерді орналастыру, инженерлік, көлік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамыту жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жеңіс Қасымбек мәлім еткендей, LRT жобасын іске асыру үшін 2018 - 2019 жылдарға 16,2 млрд. теңге қарастырылған (2018 жылы 9,1 млрд. теңге, 2019 жылы - 7,1 млрд. теңге).

«Қытайлық компаниялар консорциумының қатысушысы - «China Railway No.2 Engineering Group Co., Ltd» компаниясы құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия (1-санат) алып отыр. Ол компания тіреуіш іргетастарды, эстакадаларды орнату жұмыстарын жүргізеді. Барлық желі бойынша құрылыс нысандарына 121 ауыр техника мен 2 262 жұмысшы жұмылдырылды. 2018 жылдың 16 маусымындағы жағдай бойынша 80,5 пайыз ұңғымаларды бұрғылау тіреуіштері, 35 пайыз ростверк, 16,8 пайыз тіректер мен бағандар, 10,1 пайыз құрама біліктер орнатылды. Депо нысандарында 2 618 тіреуіштер қағылды»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, Астана қаласының сыртқы айналма жолдарын тұйықтау мақсатында «Астана қаласының Оңтүстік-Батыс айналма» автокөлік жолын салу жұмыстары жүріп жатыр.

«Автожолдың ұзақтығы - 33 шақырым. Ол 4 жолақтық қозғалысы бар 1-ші санатты жол болып салынады. Жобаға 344 бірлік құрылыс техникасы, 621 жұмысшы жұмылдырылды. Шарт бойынша жолды салу жұмыстары 2017 жылы басталды. Жобаны 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр»,- деді министр.

Соңғы жаңалықтар