Астанадағы Жеңістің 70 жылдығы парадына 250-ден астам әскери музыкант қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған әскерлер парадын музыкалық сүйемелдеуді ҚР Қорғаныс министрлігі құрама оркестрінің 250-ден астам әскери музыканты қамтамасыз етпек. Оның құрамында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 25 әскери қызметшісі бар. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Атап айтқанда, ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-орекстрлік қызметі орындайтын шығармалар репертуарын бекітті. «Бізге жүктелген барлық жауапкершілікті сезіне отырып, біз парадқа арналған музыкалық әуендерді мұқият іріктедік. Біз орындаған шығармалар парадтың қимылын толықтырып қана қоймай, әкелеріміз, аталарымыз бен бабаларымыз сыйлаған Жеңістің рухын, мерейтойдың және ұлы ерліктің маңыздылығын көрсеткенін қалаймыз», - деп атап өтті ҚР ҚМ Әскери-оркестрлік қызметінің бастығы майор Тимур Жартыбаев. Парадтың тарихи бөліміне қатысушылар көптеген шерулерде ел жүрегіне жол тапқан, Ұлы Жеңістің нышаны болған - «Прощание славянки», «День Победы», «Баллада о солдате», «Катюша» марштарының әуенімен адымдайды. Ал парадтың заманауи бөлімінде отандық сазгерлердің музыкалық композициялары шырқалады. Қазіргі уақытта әскери музыканттар күні ертең басталатын бірлескен жаттығуларға кірісуге дайын.

Соңғы жаңалықтар